Ресейдің Буча туралы мәлімдемесі

Киев әкімшілігі жариялаған фотолар мен бейнелердің арандатушылық екені алға тартылды.

1806461
Ресейдің Буча туралы мәлімдемесі

Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей армиясының Бучада бейбіт тұрғындарды қырғынға ұшыратты деген уәждердің шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Киев әкімшілігі Бучадан жариялаған фотолар мен бейнелердің арандатушылық екені алға тартылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде бұл елді мекен орыс әскерлерінің бақылауында болған кезеңде бірде-бір облыс тұрғынының ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттерінен зардап шекпегені, гуманитарлық көмектің осы аймаққа таратылғаны айтылды.

Осы аралықта бейбіт тұрғындардың қалада еркін қозғалғаны және эвакуацияланғаны білдірілген мәлімдемеде Украина қарулы күштерінің қаланың оңтүстігіндегі аудандарды, соның ішінде тұрғын аудандарды бомбалағаны алға тартылды.

Ресей министрлігі Ресей мен Украинаның Türkiye-дегі бетпе-бет келіссөзінен кейінгі күні, яғни 30 наурызда барлық орыс әскерлерінің Бучадан толығымен шығарылғанын атап көрсетті. «Сонымен қатар 31 наурызда Буча мэрі Анатолий Федорук өзінің бейне үндеуінде қалада ресейлік әскер жоқ екенін растады, бірақ ол көшеде қолдары байланып оққа ұшқан жергілікті тұрғындар туралы тіпті айтпады. Сондықтан Бучадағы «қылмыстың айғақтары» деп аталатындардың барлығы Украина барлау қызметінің шенеуніктері мен украиндық теледидар өкілдері қалаға кірген төртінші күні анықталғаны таңқаларлық емес. Суреттері жарияланған барлық адамдардың денесінің қатпағаны, денесінде дақтар болмауы және жараларында қан ұюы ерекше алаңдаушылық тудырады. Мұның бәрі Мариупольдегі перзентханадағы және басқа қалалардағы сияқты батыстық БАҚ үшін Киев режимінің тағы бір ойдан шығарылған фотосуреттер мен бейнематериалдары екенін даусыз растайды.

 



Ұқсас жаңалықтар