Польша Смоленсктегі ұшақ апаты жайлы Ресейді жауапкершілікке тартты

Яростав Качиньский "Көптеген ел талай жылдан бері  Смоленск-те болған шындықты біледі" деді.

1806721
Польша Смоленсктегі ұшақ апаты жайлы  Ресейді жауапкершілікке тартты

Польша премьер-министрі орынбасары Яростав Качиньский 2010 жылы сол кездегі Польша президенті Лех Качиньски және оның жұбайының да болған 96 адам қаза тапқан  Смоленсктегі ұшақ апаты жайлы  Ресейді жауапкершілікке тартты. 

Качиньский Польшада шығатын "Sieci" журалына жасаған мәлімдемесінде Смоленск-те шабуыл болғаны туралы ешқандай күдігім жоқ. Бұл шешім (Ресей Президенттік сарайы Кремль тарапынан жасалды)" деп көрсетті.    

Польша премьер-министрі орынбасары Яростав Качиньский "Көптеген ел талай жылдан бері  Смоленск-те болған шындықты біледі. Сол кездегі Польша үкіметі оқиғаны жасырды. Ресеймен ымыраласты" деген сөздер қолданды. 

Естеріңізге сала кетейік, 10 жылғы 2010 сәуірде Смоленск маңындағы Северный әуежайынан алыс емес жерде Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта Польша президенті Качинский, оның әйелі және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар - барлығы 96 адам болды. Олардың бәрі қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар