Украина Бас прокуратурасы шабуылдар туралы мәлімдеме жасады

Украинада Ресей армиясының шабуылдарынан 153 бала қаза тауып, 245 бала жарақат алды.

1805582
Украина Бас прокуратурасы шабуылдар туралы мәлімдеме жасады

Украинада Ресей армиясының шабуылдарынан 153 бала қаза тауып, 245 бала жарақат алды.

Украина Бас прокуратурасы жасаған мәлімдемеде Ресей армиясының бомбалауынан 859 оқу орнының зақымданғаны, олардың 83-інің толығымен қирағандығы атап көрсетілді.

Украина Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының Украинаға 1 мың 370 зымыранмен шабуылдағаны білдірілді.

Мәлімдемеде 10 миллионнан астам украиндықтың соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткені айтылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде "Ресей Украинадағы 15 әуежайды қиратты. Басқыншылар күн сайын қатыгездік жасауда. Біз мұны кешірмейміз" делінді.

Украинаның Ұлттық ядролық энергия ұйымы (Энергоатом) болса Ресей әскери бөлімдерінің Украинадағы Чернобыль атом электр станциясынан шығарылғанын хабарлады.

«Энергоатом» жасаған мәлімдемеде «Ресей басқыншы күштері Чернобыль атом электр станциясынан шықты. АЭС-те шетелдіктер жоқ» делінді.

Ресей армиясының Украинаның бас қаласы Киев аймағындағы Славутич қаласынан да шығарылғаны аталып «Орыс күштері электр станциясынан шығып бара жатқанда тұтқындаған Украина ұлттық гвардиясын да алып кетті» деп мәлімденді.

Чернобыль атом электр станциясын 24 ақпан күні ресейлік әскерлер басып алған болатын. Кейін стансадағы ядролық бақылау жүйелері Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ақпарат бөлісуді тоқтатты деп жарияланған еді.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещчук бір тәулікте Запорожье қаласына шамамен 1 мың 500 бейбіт тұрғынның ұласқанын білдірді.

Верещчук әлеуметтік желіде жариялаған бейне көріністе Украинада қақтығыстар болған аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау процесі туралы мәлімдеме жасады.

Тәулік ішінде 3 гуманитарлық көмек дәлізінің жұмыс істегенін айтқан Верещчук «Осы дәліздер арқылы Запорожье қаласына 1 мың 458 адам жеке көліктерімен жетті. Оның 631-і Мариуполь, 827-сі Запорожье аймағындағы Бердянск, Мелитополь, Энерходар, Полохи Оригов, Хуляиполь және Васильовка қалаларынан келді» деді.

Эвакуацияға жіберілген автобустардың Бердянск қаласына кіруіне рұқсат етілмегенін атап көрсеткен Верещчук Мелитопольге медициналық және азық-түлік тауарларын жеткізгенін, бірақ бұл материалдардың Ресей әскери күштерінің қолына өткенін айтты.

Украина қарулы күштерінің Херсон аймағындағы 11 елді мекенді ресейлік әскерден азат еткені мәлімденді.

Украина Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының шығынға ұшырауы себепті бас қала Киевті бөгеп, басып ала алмағаны айтылды.

Ресейдің Украинада соғысып жатқан армиясын нығайтуды жалғастырып жатқаны және осы үшін Ресейдің Оңтүстік әскери округінің әскерлерін соғысқа қосқаны атап өтілген мәлімдемеде «Ресей уақытша басып алынған Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон аймақтарында өз әкімшілігін құруға тырысуда» делінді.

Мәлімдемеде Ресей армиясының алдағы күндері Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы аймақтарға шабуылдарын арттыруы мүмкін екені айтылды.

Сонымен қатар, Украина қарулы күштерінің де Херсон облысындағы 11 елді мекенді Ресей әскерінен азат еткені жазылған.

Изюм муниципалитетінен жасалған мәлімдемеде қалада 20 күннен бері гуманитарлық дәліздердің ашылмағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде шамамен 20 мың адамның эвакуациялануды күткені атап көрсетілді.

Украина Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі жасаған мәлімдемеде елдегі 1 мың 339 елді мекенде электр қуатының болмағаны айтылды.

Бұл бағытта жұмыстардың жалғасқаны атап көрсетілген мәлімдемеде Киев, Донецк және Суми аймақтарына қоса Харьков, Николайев, Житомир, Запорожье және Херсон аймақтарында 71 мыңнан астам адамның электр қуатының қалпына келтірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде 338 мың тұтынушының болса табиғи газдан мақұрым қалғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар