Нидерландыда 2 түрік өлтірілді

Нидерландыда қарулы бір адам мейрамханада тамақтанып отырған екі түрікті өлтіріп, қашты.

1805405
Нидерландыда 2 түрік өлтірілді

Туыс-тамырлары қарулы шабуылда қаза тапқандардың түрік тілінде хабар таратқан танымал бір ақпараттық парақшаның иесі Х.Т. мен оның бауыры А.Т. екенін айтты.

Нидерланд полициясы жасаған мәлімдемеде елдің солтүстігіндегі Зволле қаласындағы бір мейрамханаға басып кірген бір шабуылдаушының оқ жаудырғанын, екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдары куәгерге сүйеніп, шабуылдаушының ішке кіре салып екі нысанаға оқ жаудырғанын, адамдардың үрейлене сыртқа қашқанын жазды.

Шабуыл кезінде балалы отбасылар да бар мейрамханада көптеген адамның оқиғаға куә болғаны атап көрсетілді.

Полицияның айналада қауіпсіздік шаралары қабылдағаны және шабуылдаушыны ұстау үшін тергеу бастағаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар