Германия мен Франция рубльмен төлеуден бас тартты

Германия мен Франция табиғи газды рубльмен төлеу туралы Ресейдің талабын қабылдамады.

1805492
Германия мен Франция рубльмен төлеуден бас тартты

Германия мен Франция табиғи газды рубльмен төлеу туралы Ресейдің талабын «келісімшарттарды бұзу» деп санап, қабылдамады.

Германия Экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабек пен Франция Экономика министрі Бруно Ле Майр бас қала Берлиндегі кездесуінің артынан ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Роберт Хабек Германияның «Ресей табиғи газы тақырыбында Еуропаға газ ағынының ажыратылуына қоса барлық сценарийлерге» дайын екенін атап көрсетті.

Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей табиғи газы төлемдерін рубльмен жасау «шантажын» қабылдамайатындарын атап көрсеткен Хабек аталған төлемдердің еуромен жасалатынын мәлімдеді.

Франция мен Германияның күнделікті координация жасағанын айтқан Хабек «Ресейдің Еуропаны бөлу талпыныстарының сәтсіз» аяқталатынын мәлімдеді.

Неміс министр Ресейге қарсы батыс елдерінің санкцияларындағы олқылықтарды жабу керектігін тілге тиек етті.

Францияның Экономика министрі Бруно Ле Майр болса Франция мен Германияның Ресейден Еуропаға газ ағынын тоқтату сценарийіне дайындалып жатқанын және екі елдің Мәскеудің өтінішін қабылдамағанын білдірді.

Ле Майр Ресеймен Еуродағы табиғи газ келісімдерінің еуромен жалғасатынын мәлімдеді.

Владимир Путин елінің «дос емес» елдерге табиғи газды сату төлемдерінде орыстың валютасы рубльге ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған еді.

Путин «Төлем рубльмен жасалмаса, орыс газ келісімшарттары тоқтатылады» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар