БҰҰ Украинадағы адам шығыны мен босқын санын жариялады

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты мәлімдеме жасады.

1805783
БҰҰ Украинадағы адам шығыны мен босқын санын жариялады

Ресей-Украина соғысында Украинада кем дегенде 1 мың 276 бейбіт тұрғын қаза тапты, 1 мың 981 тұрғын жарақат алды. Шабуылдардың салдарынан 4 миллион 102 мың 876 босқын көрші елдерге қоныс аударды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты жасаған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына қатысты әртүрлі дереккөздерден алынған деректер бөлісілді.

Мәлімдемеде 24 ақпан-31 наурыз күндері арасында Украинадан 4 миллион 102 мың 876 босқынның көрші елдерді паналағаны атап көрсетілді.

Ең көп Польшаға барған 2 миллион 384 мың 814 босқынға қоса Румынияға 623 мың 627, Молдова 390 мың 187), Венгрия 374 мың 535 және Словакияға 292 мың 39 адамның өткенін Донецк пен Луганск аймақтарынан 21-23 ақпан күндері 113 мың адамның Ресейге өтіп кеткені білдірілді.

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық көші-қон ұйымы Украинада ел көлемінде де 6,5 миллион бейбіт тұрғынның босқынға ұшырағанын, осылайша босқындармен көрші елдерге қоныс аударған украиналықтар санының жалпы 10 миллионға жеткенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар