Сомали үшін шақыру

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық қауымдастықты шұғыл көмек көрсетуге шақырды.

1804106
Сомали үшін шақыру

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Сомалидегі гуманитарлық дағдарыс үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл көмек көрсетуге шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус өзінің Twitter-дегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Сомалидегі гуманитарлық жағдайдың күрделі деңгейге жеткенін айтып, халықаралық қауымдастықты көмекке шақырды.

1980 жылдардан бері Африка континентінің шығысында байқалған ең ауыр құрғақшылық толқыны шамамен 13 миллион адамды аштыққа ұшыратты.

2019 жылы шөл шегірткелері басып алғаннан кейін ауылшаруашылық өндірісі құлдырап, азық-түлік дағдарысы басталған аймақта жауын-шашынның қатарынан 3 жауын кезеңінде күтілгеннен әлдеқайда аз болуы жаңа азық-түлік дағдарысын тудырды.

Сомали үкіметі құрғақшылықтың күшеюіне байланысты 23 қарашада елде «төтенше жағдай» жариялады.

БҰҰ деректері бойынша маусымдық жауын-шашын 2020 жылдың соңынан бері үшінші рет тиісті деңгейде болмаған елде миллиондаған адам шұғыл көмекке мұқтаж.

1990 жылдан бері Сомали климаттың өзгеруіне байланысты су тасқыны мен құрғақшылық сияқты 30-дан астам табиғи апатты бастан өткерді.



Ұқсас жаңалықтар