"Ресей БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шықсын"

Ресейдің Украинаға соғысы себепті БҰҰ Адам құқығы Кеңесінен шығарылуы талап етілді.

1803979
"Ресей БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шықсын"

Америкалық сенаторлар Ресейдің Украинаға соғысы себепті Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінен шығарылуы үшін  Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилдке хат жазды.

Сенаттың Сыртқы байланыстар кеңесінің жетекшілері Боб Менендес пен Джим Риш басшылығындағы 12 сенатор Линда Томас-Гринфилдке арнап хат жазды.

Линда Томас-Гринфилдті Ресейдің Украинаға соғысы себепті Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінен шығарылуы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесіне шешім жобасын ұсынуға шақырылған хатта:

"Ғимараттар, ауруханалар мен мектептер бомбаланғанына және қашуға талпынған бейуаз адамдардың өлтірілгеніне куә болдық. Ресейдің жасаған қылмысы орыс әкімшілігінің адам құқығын қорғау ниеті жоқ екенін көрсетті. Осы жағдайға байланысты Ресейдің  бүкіл әлемде адам құқығын қорғау және қолдауды міндет еткен бір ұйымнан пайдалануын тосатын ойластыратын уақыт жетті" деп жазылды.

Хатта Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің бір мүшесі "кең көлемді және жүйелі қателіктер өткізілген жағдайда" Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі мүшелерінің үштен бірінің дауысымен Кеңестен шығарылатыны ескертілді.



Ұқсас жаңалықтар