Ресей үлкен шығынға ұшырады

Украинада  Ресейдің шабуылында 17 мың ресейлік сарбаз қаза тапты.

1802924
Ресей үлкен шығынға ұшырады

Украина соңғы 24 сағатта Ресей армиясына тиесілі 4 ұшақ, 2 тікұшақ,  2 ұшқышсыз әуе көлігі,  2 жылжымалы зымыран, 2 танк, 1 көлік және 1 қарулы көлікті жойғанын мәлімдеді. 

Украина Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде орыс армиясының Украинада басып алған жерлерді қорғауға тырысқаны және жалғасты бомбалауды жалғастырғаны білдірілді.  

Украина Бас штаб басқармасы Ресей армиясының 24 ақпан мен 28 наурыз күндері аралығындағы шығындары туралы ақпарат бөлісті.

Бұған қарағанда   Украинаға шабуыл жасаған орыс армиясынан 17 мың әскер қаза тауып, Ресейге тиесілі 123 ұшақ, 127 тікұшақ, 586 танк, 1694 броньды көлік, 302 зеңбірек, 95 зымыран жүйесі және 54 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.  

Мәлімдемеге қарағанда Ресей армиясы соғыста 1150 көлік, 7 кеме, 73 жанармай көлігінен және 66 ұшқышсыз әуе апаратынан айрылды. 

Ресей Қорғаныс министрлігі де Украина армиясына тиесілі 36 әскери базаны күйреткенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар