Песков пен Лавров Стамбулдағы келіссөз жөнінде айтты

«Тіпті бетпе-бет келіссөздерді бастау туралы шешімнің өзі маңызды» деді ол.

1803095
Песков пен Лавров Стамбулдағы келіссөз жөнінде айтты

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина делегацияларының бүгін Түркияға баратынын мәлімдеді. «Тіпті бетпе-бет келіссөздерді бастау туралы шешімнің өзі маңызды» деді ол.

Песков ел астанасы Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Ресей мен Украина арасындағы Түркияда жалғасуы күтілетін келіссөздерге қатысты баға берді. Келіссөз делегацияларының бүгін Түркияға баратынын атап көрсеткен Песков: "Бүгін келіссөздерді жалғастыру мүмкіндігі төмен. Делегациялар бүгін Түркияға барады. Бірақ теориялық тұрғыдан олар ертең басталуы мүмкін" деді.

Песков келіссөздер барысы туралы түсініктеме беруден бас тартып, "Тіпті бетпе-бет келіссөздерді бастау туралы шешімнің өзі маңызды. Бірақ әзірге біз келіссөздер туралы ешқандай мәліметтерді жарияламау саясатын ұстанамыз. Бұл келіссөздер үдерісіне тек зиян тигізуі мүмкін деп санаймыз" деді.

Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та "Ресей мен Украина арасындағы бетпе-бет келіссөздер бүгін-ертең Стамбулда қайта басталады. Келіссөздер сәтті аяқталады деп үміттенеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар