Қытайдан Ауғанстанға тосын сапар

Қытай Ауғанстанның ішкі істеріне араласуға ұмтылмайтынын білдірді.

1801827
Қытайдан Ауғанстанға тосын сапар

Қытай Ауғанстанның егемендігін және ауған халқының қалауын құрметтейтінін, оның ішкі істеріне араласуға және ықпал етуге ұмтылмайтынын білдірді.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Ван Ауғанстан астанасы Кабулға тосын сапары барысында Талибан уақытша үкіметі премьер-министрінің орынбасары Молла Абдулғани Бирадер және уақытша үкіметтің сыртқы істер министрінің орынбасары Эмирхан Муттакимен кездесті.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің сапарға байланысты мәлімдемесіне қарағанда Ван:

"Қытай Ауғанстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын, ауған халқының тәуелсіз таңдауын, оның діни сенімдері мен дәстүрлерін құрметтейді. Қытай ешқашан Ауғанстанның ішкі істеріне араласпайды, ешқашан өз мүддесін көздемейді» деді.

Ван Қытай халқының ауған халқымен достық қарым-қатынас орнатуға ұмтылатынын атап өтті.

Талибан уақытша үкіметі жасаған мәлімдемеге қарағанда, Ван мен Бирадердің кездесуінде екі ел арасындағы сауда, транзит және экономикалық байланыстар талқыланды.

Бирадер Ауғанстанда көптеген шахта бар екенін айтып, Қытайдан кеніштерді пайдалануда ынтымақтастық пен әсіресе Логар провинциясында мыс кеніші жобасын  қайта бастауды сұрады.

Сонымен қатар Талибан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Абдул Каххар Белхи әлеуметтік желідегі парақшасында Ван және Муттакидің кездесуінде саяси және экономикалық мәселелер, сондай-ақ әуе дәлізі, Ауғанстаннан кептірілген жаңғақ экспорты және  ауған студенттеріне шәкіртақы беру мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар