Зеленский НАТО лидерлеріне үн қатты

Ол елі үшін қару сұрады.

1801458
Зеленский НАТО лидерлеріне үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО басшыларын үн қатты. «Бізге керекті барлық қаруларды беріңдер» деді ол.

Зеленский НАТо елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан НАТО лидерлерінің кезектен тыс саммитіне видеоконференция арқылы қатысты.

Зеленский НАТО-ға мүше емес екендерін еске салып, сонда да батыстың құндылықтары үшін бір айдан бері соғысы келе жатқандарын айтты. Ол бір айдан бері әлемнің көзі алдында бейбіт бір елдің және жаһандық қауіпсіздіктің Ресей тарапынан жойылғанын білдірді. Украинаның мыңдаған адамның өмірі, қираған қалалары және шамамен он миллион босқынымен болса да батылдықпен тойтарыс бергенін атап көрсеткен президент соңғы бір айда орыс армиясының Украинаға мыңнан астам зымыран лақтырғанын айтты. Ол Ресей бірінші шабуыл бастаған 24 ақпан күні НАТО-ға әуе кеңістігін жабу үшін өтініш бергенін айтты. «Сізден нақты жауап ала алмадық. Украинаның зымырандарға қарсы мықты қаруы жоқ. Әуе күштеріміз Ресеймен салыстырғанда едәуір аз.  Сондықтан олардың аспандағы артықшылығы жаппай жою қару қолданған секілді.  Бір айдан бері қайталап келе жатырмын. Азаматтарымыз бен қалаларымызды сақтап қалу үшін шексіз әскери қолдау керек.  Сізден ұшақ сұрадық. Сіздердің мыңдаған ұшағыңыз бар.  Бірақ бір ғана ұшақ бермедіңіз.  Қалаларымызды қорғау үшін танк сұрадық. Кемінде 20 мың танкіңіз бар.  Беріңіздер немесе сатыңдар.  Бұған да нақты жауап ала алмадық» деді ол.

Болып жатқан оқиғаларға НАТО-ны жауапты деп қарамайтындарын айтқан Зеленский «НАТО әлі де украиндардың орыс шабуылдарынан өлуінің алдын ала алады.  Қару беріңіздер» деді.

Зеленский Ресейдің Украинамен шектеулі қалмайтынын, НАТО-ның шығыстағы мүшелері Польша мен Балтық елдеріне қарай жылжитынын айтып ескертті.

 



Ұқсас жаңалықтар