Украин дипломаттардың санын қысқартады

Беларусь Бресттегі консулдықты жабу туралы шешім қабылдады.

1800812
Украин дипломаттардың санын қысқартады

Беларусь Минскідегі Украина елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар санын 72 сағат ішінде қысқартып, Бресттегі консулдықты жабу туралы шешім қабылдады.

Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анатолий Глаз Украинаның 2020 жылдан бері қарым-қатынастарды бұзуға бағытталған дұшпандық әрекеттерін жасап келе жатқанын мәлімдеді.

Украина билігінің Беларусьтің ішкі істеріне тікелей және жанамалы түрде араласа бастағанын білдірген Глаз Киев әкімшілігінің екі мемлекет арасындағы байланыстарды тоқтатқанын және Беларусьті өткен жылы жоғары деңгейде «жау ел» деп атағанын еске салды.

Украина әкімшілігінің өз территориясындағы әуе қоршауының бір бөлігі ретінде беларусь халқының гуманитарлық рейстеріне тіпті рұқсат етпегенін еске салған Глаз бұл тұрғыда украиналық дипломаттардың дипломатиялық істерге сәйкес келмейтін әрекеттерін және Беларусь азаматтарына нашар қарағандарын анықтағандарын айтты.

Осы тұрғыда Беларусь 72 сағат ішінде өз аумағындағы украиналық дипломаттардың санын қысқарту туралы шешім қабылдады.

Беларусь тарапы кадр жетіспеушілігіне байланысты Бресттегі Украина консулдығын жабу туралы да  шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар