Столтенберг "Путин үлкен бір қателік істеді" деді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Путин тәуелсіз бір елге қарсы шабуыл жасап, үлкен бір қателік істеді" деді.

1801198
Столтенберг "Путин үлкен бір қателік істеді" деді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг 24 ақпанда Украинаға соғыс бастаған Ресей президенті Владимир Путиннің үлкен бір қателік істегенін айтып, "Украина халқының күшіне және Украина қарулы күштерінің батылдығына жеңіл-желпі қарады" деді. 

Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельде ұйымдастырылған НАТО кезектен тыс лидерлер саммиті қарсаңында мәлімдеме жасады. 

Столтенберг "Путин тәуелсіз бір елге қарсы шабуыл жасап, үлкен бір қателік істеді. Украина халқының күшіне және Украина қарулы күштерінің батылдығына жеңіл-желпі қарады. Күтпеген жағдайға душар болды" деп көрсетті. 

Химиялық қару қолданудың халықаралық құқыққа қайша екенін, сондай-ақ бұның үлкен традегияға апарып соғатынын түсіндірген  Йенс Столтенберг "Химиялық қарулардың әрқандай түрде қолданылуы халықаралық құқыққа қайшы. Бұл жағдай аянышты трагедияға апарып соғады. НАТО одақтастарын әртүрлі шабуылдан қорғауға, қорғануға және әрқандай бір шабуылға тойтарыс беруге дайын" деген сөздер қолданды. 

Столтенберг Ресей-Украина соғысы тақырыбында Қытайды Ресейдің Украина жаулауын айыптауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар