Киев әкімшілігі Ресейдің ультиматумын орындамайды

Киев Ресеймен келіссөзге дайын, алайда ультиматумын орындамайды.

1799545
Киев әкімшілігі Ресейдің ультиматумын орындамайды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің ультиматумын орындамайтындарын, бұның тек Украина халқының барлығын жойған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкіндігін білдірді. 

Владимир Зеленский еуропалық медиа ұйымдарына берген сұхбатында 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан соғыстың доғарылуы үшін Ресейдің алдыға қойған шаттарына тоқталды. 

Жаулау астындағы қалаларда орыс әскерлеріне қарсы қатты тойтарыс берілгенін түсіндірген Украина лидері "Бізге Харьковты, Мариупольды және Киевті қайтарып беріңіздер. Ультиматум беруге болмайды. Бұны көзіміз жоғалғанда ғана жүзеге асыра аласыз" деп көрсетті. 

Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздерде келісетін тақырыптарының Украинада референдумға ұсынылуы керектігін де айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар