Қытай АҚШ-қа күшті жауап береді

Сау: "Қытайдың талпынысын елемеген, ниетін теріске шығарған және Қытайды қаралауға ұрынған әрекеттердің барлығы жауапкерліксіз және заңсыз" деді.

1796793
Қытай АҚШ-қа күшті жауап береді

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Сау Лижиен АҚШ-тың Ресей арқылы Қытайға санкция жасаумен құқай көрсеткенін, бұған "күшті қарсы шаралармен жауап берілетінін" білдірді.

Мәлімдемеші Сау Лижиен Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің:

"Ресейдің жаулап алуына қолдау берген жағдайда Қытайдың мұның ауыр зардабын тартатыны",  "Қытай мен Ресейдің әлем экономикасының тек қана 15 пен 20 пайызын, Үлкен-7 елдерінің 50 пайызын құрайтыны, сол себепті АҚШ пен Еуропа одақтастарының қолында көптеген мүмкіндік бар екені" жайлы сөздерін бағалады.

АҚШ-тың осы тұғырының Қырғи қабақ соғыс үлгісіндегі нөлдік қосынды ойыны және блоктар арасындағы қарама-қайшылық логикасы мен жұмысты күшпен бітіру түсінігін көрсеткенін  айтқан Сау Лижиен:

"Бір жағынан санкция құқайын жасап, екінші жағынан Қытайдың қолдауы мен ынтымақтастығын сұраудан нәтиже шықпайды.  АҚШ-ты Қытайдың заңды құқығы мен талаптарына зиян салмауға шақырамыз. Егер АҚШ қасарысса, Қытай бұған қарсы күшті шаралар жасайды" деді.

Қытайдың Украина тақырыбында диаорг пен келіссөзге шақырғанын, дағдарысты азайтуға талпынғанын және мәселені шешу үшін мүмкіндіктерін қолданғанын білдірген Сау:

"Қытайдың талпынысын елемеген, ниетін теріске шығарған және Қытайды қаралауға ұрынған әрекеттердің барлығы жауапкерліксіз және заңсыз" деп көрсетті.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И 14 наурызда испаниялық әріптесі Хосе Мануэль Альбарес Буэномен телефондағы әңгімесінде елінің Украинадағы дағдарыста тараптар болмағанын және  Ресейге санкциялардың әсеріне ұшармауды тілейтінін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар