Ауғанстандағы қорғансыздар үшін 340 миллион доллар керек

БҰҰ қайырымдылық жасауға шақырды.

1797390
Ауғанстандағы қорғансыздар үшін 340 миллион доллар керек

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстанда ел-жұртынан айрылған және қорғансыз азаматтарға көмек көрсету үшін 340,3 миллион АҚШ доллары көлемінде қайырымдылық жасауға шақырды.

Ауғанстанға сапарынан кейін жазбаша мәлімдеме жасаған БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди «елдегі гуманитарлық көмекке мұқтаждық күн өткен сайын артып, көптеген азамат отбасын асырау үшін күресіп жатыр» деген ақпаратпен бөлісті.

Гранди Ауғанстандағы қақтығыстар салдарынан 3,4 миллионға жуық адамның босқынға айналғанын айтты.

«Биыл елде 24 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Біз донорларды қажетті гуманитарлық көмек көрсетуге шақырамыз» деді ол.

Ауғанстандағы гуманитарлық көмек жоспары (HRP) аясында жұмыс істейтін ұйымдардың елдегі 22 миллион адамға көмек жеткізуі үшін 4,44 миллиард доллар  қажет. Гранди БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатына биыл Ауғанстандағы босқындар мен басқа да қорғансыз бейбіт тұрғындар үшін 340 миллион  доллар керек екенін айтты.

Осы уақытқа дейін сұралған көмектің тек 28 пайызының қамдалғанын атап көрсеткен Гранди «кеш және жеткіліксіз көмектер елге нашар әсер ететінін айтып» ескертті.

Ауғанстандағы жағдайдың тек гуманитарлық көмекпен түзелмейтінін атап көрсеткен Гранди елдегі банк жүйесін жандандыру мен экономикалық даму жобаларының жалғасуын қамтамасыз етудің де өмірлік маңызы бар екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар