Гуманитарлық дәліз үшін келісімге келді

Осы дәліздер арқылы әрі азық-түлік жеткізіледі, әрі азаматтар эвакуацияланады.

1795714
Гуманитарлық дәліз үшін келісімге келді

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верешук бүгін бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін 9 гуманитарлық дәліз құру мақұлданғанын хабарлады.

Верешук мәлімдемесінде ондаған тонна су, дәрі-дәрмек және азық-түліктен тұратын гуманитарлық көмек жүктерінің Донецк облысындағы Бердянск қаласынан жоғарыда аталған дәліздер арқылы Мариупольге жеткізілетінін айтты.

Гуманитарлық көмек көліктерінің қайтарда әйелдер мен балаларды Мариупольдан Запорожье қаласына эвакуациялайтынын білдірген Верешук Киев аймағындағы көптеген ауылдан бейбіт тұрғындардың қауіпсіз аймақтарға жеткізілетінін де атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар