Зеленский Химиялық шабуыл дайындығы айыптауын жоққа шығарды

Украина президенті Владимир Зеленский Телеграмм арнасынан бейне үндеу жариялады.

1793700
Зеленский Химиялық шабуыл дайындығы айыптауын жоққа шығарды

Украина президенті Владимир Зеленский армияның химиялық шабуылға дайындалып жатқаны туралы айыптауларды жоққа шығарды.

Телеграмм арнасында жарияланған бейне үндеуінде «Ресей Украинада жасаған қылмыстарын үгіт-насихатпен жабуға тырысуда» деген Владимир Зеленский «Ресейдің жоспарларын білгіңіз келсе, басқаларды немен айыптап жатқанын қарау керек. Біз бұған қайта-қайта көз жеткіздік» деді.

9 наурыз күні Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украина армиясының арандатушы әрекеттер жасау үшін дайындалып жатқанын және осы мақсатта Харьков қаласының маңына 80 тонна аммиак апарғанын алға тартқан болатын.

Екінші жағынан Украина басшысы Ресей армиясымен соғыс жалғасып жатқан қалалардан соңғы екі күнде шамамен 100 мыңға жуық адамның эвакуацияланғанын соңғы білдірді.

Аймақтарға гуманитарлық көмек көрсеткендерін тілге тиек еткен Зеленский Мариуполь және Вольноваха қалаларының толығымен жабылғанын айтты.

Зеленский «Орыс әскерлері оқ жаудырса да, Мариупольге азық-түлік пен дәрі-дәрмекке толы жүк көліктерінен тұратын бір керуен жіберуді тапсырдым. Бірақ басқыншылар Мариуполь тұрғындары үшін аса маңызды гуманитарлық жәрдем дәлізіне танктермен оқ жаудырды және олар мұны әдейі жасады. Бұл терроризм» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар