Путин АҚШ-ты қатаң сынға алды

Путин: "АҚШ орыс мұнайы импортын тоқтатты және артқан баға үшін бізді жазғыруда. Халқын алдап отыр" деді.

1793506
Путин АҚШ-ты қатаң сынға алды

Ресей президенті Владимир Путин Америка Құрама Штаттарында мұнай өнімдері бағасының Ресей себепті артпағанын айтып:

"АҚШ орыс мұнайы импортын тоқтатты және артқан баға үшін бізді жазғыруда. Халқын алдап отыр" деді.

Владимир Путин үкімет басшыларымен видео конеференция арқылы Ресейдегі экономикалық жағдайды бағаландырды.

Ресейдің энергиямен қамдауда барлық жауапкерліктерін орындағанын айтқан Путин:

"Ресейге дұшпандық қадамын басқан елдерде азаматтарға үнемшілдік қолдану, қалың киіну ұсыныс етілуде. Нашарлаған экономиканың сылтауы ретінде бізге жасалған санкцияларды көрсетуде. Бұл ғажайып жағдай. Өйткені біз энергиямен қамдауда барлық жауапкерліктерімізді орындаудамыз" деді.

Украина арқылы Еуропаға жететін табиғи газ жүйесінің толық жұмыстанып жатқанын білдірген Путин:

"Бұл таңырқатады, алайда шындық" деп көрсетті.

Орыс лидер АҚШ-та рекорд өскен мұнай бағасына меңзеп:

"АҚШ орыс мұнайы импортын тоқтатты және артқан баға үшін бізді жазғыруда. Халқын алдап отыр. АҚШ-та мұнай бағасының артуы Вашингтонның қаталарынан туындауда" деді.

Батыс елдерінің  Венеуэла мен Иран сияқты "ұнатылмаған" елдерге санкция жасау арқылы зиян салғанын айтқан Путин:

"Енді Венеуэла және Иранмен кездесуде. Заңсыз санкцияларды бастабында жасамаулары керек еді. Бұл жағдай біздің елмен қарым-қатынастарда да болады, бұған күмән жоқ" деп көрсетті.

Путин әлемдік нарықтарда тыңайтқыштардың жағдайы Ресейге санкциялар алдында да қиын екеніне меңзеген Путин:

"Орыс тыңайтқыштарға жасалған кедергілердің әлем нарқы үшін нәтижесі ауыр болмақ. Бұл мұнай, табиғи газ және металл үшін де осылай" деді.

Ресейден кетпеген шетелдік компанияларға қолдау беру керектігін айтқан Путин:

"Жабуға шешім жасалған шетелдік компаниялар жайлы мықты қадам басу және сырттан әкімшілік тағайындау керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар