АҚШ азаматтары ерікті түрде Украинада әскер болғысы келеді

Украинаға қолдау жасағысы келген мыңдаған АҚШ азаматы Вашингтондағы Украина елшілігіне өтініш берді.

1792969
АҚШ азаматтары ерікті түрде Украинада әскер болғысы келеді

Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін Украинаға қолдау жасағысы келген мыңдаған АҚШ азаматы Вашингтондағы Украина елшілігіне өтініш берді.

Ерікті түрде әскер болғысы келгендер Украинаның Вашингтон елшілігі ғимараты алдында кезекте тұр. 

Украиналық дипломаттар әскери еріктілерді тіркеген кезде, санның артуына байланысты елшілік әскерлік бөлімшесіне айналып кеткенін айтуда.  

Украина елшілігінің аскери атташесі генерал-лейтенант Борис Кременетский еріктілердің ақылы әскер емес екенін түсіндіріп, бұның тек адамдардың Украинаның еркіндік соғысына деген жақсы пейілінің дәлелі екенін айтты. 

Ресей шабуылдары бастаған 24 ақпанан осы таңға дейін кем дегенде 6 еріктілердің өтінішін қабылдағанын білдірген Кременетский әскери еріктілердің көп сандысының әскерлік тәжірибесінің болмағанын баяндады. 

Осы таңға дейін бұрын әскерлік міндетін атқарған мөлшермен 100 АҚШ азаматының Украинаға барғанын атап өткен Кременетский еріктілердің өз мүмкіндіктерімен Польша арқылы Украинаға бара алатындарын жеткізді. 

 



Ұқсас жаңалықтар