"Ресейге жасалған санкциялар барлық тараптар үшін зиянды"

Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен видео саммитін өткізді.

1792008
"Ресейге жасалған санкциялар барлық тараптар үшін зиянды"

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Ресейге жасалған санкциялар барлық тараптар үшін зиянды екенін айтты.

Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен видео саммитін өткізді.

Қытай мемлекет басшысы Ресей мен Украина соғысына және Ресейге жасалған санкцияларға тоқталып:

"Пандемияның қысымы астындағы бір әлем экономикасы тұрғысынан санкциялар барлық тараптар үшін зиянды" деді.

Си Цзиньпин қақтығыстарға байланысты терең қайғы мен мазасыздық сезінгенін тілге тиек етті және тараптарды бейбіт кездесулерді жалғастыруға шақырды.

Си Цзиньпин:

"Дағдарыстың нашар әсерін азайту үшін бірге талпынуды қалаймыз" деп көрсетті.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар