Хоуситтер АҚШ-тың барлау ұшағын құлатты

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья эс-Сери әлеуметтік желіден хабарлама жасады.

1791875
Хоуситтер АҚШ-тың барлау ұшағын құлатты

Йеменде Иран қолдау беретін хоуситтер елдің солтүстік батысындағы Хадж провинциясында АҚШ-қа тиесілі бір барлау ұшағын атып түсіргендерін мәлімдеді.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья эс-Сери Твиттер аккаунтынан тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Эс-Сери «дұшпандық әрекет» жасаған АҚШ-та жасалған «Scan Eagle» модель барлау ұшағының Хадж провинциясының Харад ауданында құлатылғанын алға тартты.

Тақырыппен байланысты Йемен үкіметі немесе Сауд Арабиясы басшылығындағы Араб коалициясы күштері кезкелген бір мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар