"АҚШ-тың Украинада 30 биологиялық зертханасы бар"

Украинаның Львов, Харьков және Полтава қалаларына орналастырылған 30 биологиялық зертхананың күйретілгені білдірілді.

1791306
"АҚШ-тың Украинада 30 биологиялық зертханасы бар"

Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Украинада 30 биологиялық зертханасы бар екенін алға тартты.

Орыс әскери күштеріне қарасты Радиациялық, Химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің қолбасшысы Игорь Кириллов АҚШ-тың Украинадағы  әскери биологиялық бағдарламасы жайлы мәлімдеме жасады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонның бұрынғы Кеңестер Одағы географиясында әскери биологиялық бағдарламалар жүргізгенін айтқан Игорь Кириллов:

"Украинада 30 биологиялық зертханасын қамтыған жүйе қалыптастырылды. Бұлар ғылыми зерттеу және санитарлық-эпидемиологиялық жағынан екі түрге бөлінеді. Әскери мекемемен байланысты Black and Veatch компаниясы аталмыш жобаның атқару процесіне жауапты" деп көрсетті.

Аталмыш зертханалардың Украинаның Львов, Харьков және Полтава қалаларында тұрғанын және олардың күйретілгенін айтқан Игорь Кириллов осы жерде "Оба, сібір жарасы, бруцеллез, дифтерия, сальмонеллез, дизентерия қоздырғыштарының іздері табылғанын" алға тартты.

Игорь Кириллов Украинадағы осындай бағдарламалардың дереу жойылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар