АҚШ Еуропаға 500 қосымша әскер жібереді

Америка Құрама Штаттары Еуропаға 500 қосымша әскер жібереді.

1791544
АҚШ Еуропаға 500 қосымша әскер жібереді

Америка Құрама Штаттары Еуропаға 500 қосымша әскер жібереді. 

АҚШ Ұлттық қорғаныс министрлігінің бір жоғарғы лауазым иесі Ресейдің қазір барлық әскерін Украина маңына жинағанын және орыс армиясының осы таңға дейін Украинаға  625 зымыран атқанын айтты. 

Лауазым иесі АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің Еуропадағы АҚШ күштеріне тағы да 500 қосымша әскер  жіберу жайлы бұйрық бергенін мәлімдеді. 

Лауазым иесі осы қосымша әскермен бірге АҚШ-тың Еуропадағы жалпы әскер санының 100 мыңға ұласқанын баяндады.  

Ресейдің Сириядан соғыскер жинағаны жайлы пайымдауға тоқталған лауазым иесі бұл хабарлардың дұрыс екенін айтты.

Лауазым иесі "Соғыс үшін сириялықтарды жинауға тырысқандарын білеміз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар