Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде Винница қаласындағы әскери әуежайдың атқыланғанын жариялады.

1790861
Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Винница қаласындағы бір әскери әуежайды жоғары дәлдіктегі ұзақ атымды қарулармен жарамсыз күйге келтіргенін жариялады.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Ресей армиясының Украинадағы қорғаныс нысандарын жоғары дәлдіктегі ұзақ атымды қарулармен атқылағанын мәлімдеді.

Аталмыш нысандарда Украинаның қақтығыс аймақтарына орналастыру мақсатты орыс шабуылдары нәтижесінде зақымдалған әскери техникасын жөндеуге тырысқанын білдірген Конашенков қызметкерлерді өз өмірлерін сақтау үшін атылатын нысандарды тастап кетуге шақырды.

Винница қаласындағы Украина әскери әуежайының ұзақ атымды дәлдік қаруларымен жойылғаны туралы ақпарат бөліскен Конашенков орыс әскери ұшақтарының да Украина әуе күштерінің 3 дана Су-27 әскери ұшағын атып түсіргенін атап көрсетті.

Конашенков «Украинаның соғысып жатқан әскери әуе күштерінің көпшілігі жойылды» деді. Орыс мәлімдемеші «Құжаттар Ресей аумағы маңындағы жерде орналасқан Украина биологиялық зертханаларында биологиялық қару құрамдастары жетілдірілгенін растайды» деді.

Қорғаныс министрлігі сондай-ақ кеше Харьков пен Суми қалаларынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау тақырыбында украин тарапының ынтымақтастықтан бас тартқанын алға тартты.

Министрлік жасаған мәлімдемеде шамамен 43 мыңға жуығы бала, барлығы 163 мың адамның Украинадан Ресейге эвакуацияланғаны білдірілді.

Украинаның Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялаудың тоқтауына Киев әкімшілігінің жауапты екені алға тартылған мәлімдемеде «Ресей гуманитарлық бір дәліз құру үшін барлық шарттарды орындады» делінді.

Украина әскери бөлімшелері гуманитарлық жәрдем дәлізі анықталған бір кезеңде орыс әскерлерінің бекіністеріне шабуылдағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Украина тарапы мыңдаған бейбіт тұрғын, соның ішінде шетелдіктер қамауда отырған Харьков пен Сумидегі көптеген адамды эвакуациялау туралы ынтымақтастықты нақты түрде қабылдамады» делінді.

Басқа жақтан Ресей Украинаның Киев, Мариуполь, Харьков және Суми қалаларынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін Мәскеу уақытымен сағат 10.00-дан бастап атысты тоқтатқанын жариялады.

Ашылатын гуманитарлық коридордың артынан пилотсыз әуе көліктерімен қадағаланатыны атап көрсетілген мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) және Қызыл Кресттегі тиісті бөлімшелердің жұмыс істейтіні атап өтілді.

Мәлімдемеде «Украинадан көрсетілген бағыттар бойынша гуманитарлық дәліздер құру үшін барлық шарттарды орындауды, бейбіт тұрғындар мен шетел азаматтарының шығуын қамтамасыз етуді талап етеміз» делінді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар