Франция Қорғаныс министрі Флоренс Парли Румынияда
Парли НАТО-ның Румыниядағы әскери жасақтары мен француз әскерлері тұрған лагерьге барды.
Франция Қорғаныс министрі Флоренс Парли Украина-Ресей соғысының Еуропа шекараларына кірeуіне рұқсат бермеуге шақырды. Парли НАТО-ның Румыниядағы әскери жасақтары мен француз әскерлері тұрған лагерьге барды.
Француз министр осында сөйлеген сөзінде НАТО-ның Тойтару күштері құрамында базада 500 француз әскерінің бар екенін еске салып, «Мұндай белгісіз уақыттарда құрлығымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірдей табандылықты қайталаймыз. Ұжымдық қорғаныс күш-жігерімізбен Ресейге мызғымас бірлігімізді көрсетеміз» деді.
Елінің Румынияға әскер, Эстонияға әскери қызметкерлер және Румыния, Польша және Балтық елдерінің көгілдір аспанына ұшақ жіберу арқылы бұл күш-жігерге үлес қосқанын атап көрсеткен Парли НАТО одақтастары және еуропалықтар ретінде мәдениет пен тарихтың иісі аңқып тұрған көне континентке мүше болудың мақтанышына ие екендерін тілге тиек етті.
Континенттің өткен ғасырда зорлық-зомбылыққа куә болғанын атап көрсеткен Парли «Соғыс Еуропаның есігінде, шекараларымыздан кіруіне жол бермейік» деді.
Франция мен Бельгия Ресей әскерлерінің Украинаға шабуылдаған 24 ақпан күнінен бері НАТО-ның Констанцадағы базасына шұғыл түрде 800 әскер жіберген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Блинкен Газадағы атыстың тоқтатылуы керектігін айтты
Энтони Блинкен Газада 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату керектігін мәлімдеді.
Кенияда су бөгеті құлап 42 адам қаза тапты
Кенияда «Old Kijabe» су бөгетінің құлауы салдарынан 42 адам қаза тапты.