6 миллион 20 мың 582 адам вирустан қайтыс болды

Вирус салдарынан көз жұмған адам саны  дүниежүзі бойынша 6 миллион 20 мың 582-ге жетті.

1790781
6 миллион 20 мың 582 адам вирустан қайтыс болды

Дүниежүзі бойынша жаңа типтегі коронавирус  індеті себепті қайтыс болғандардың саны 6 миллион 20 мың 582-ге ұласты.

Вашингтондық «Worldometers» ақпарат көзінің дерегіне қарағанда әлем бойынша Ковид-19 індетінен ең көп қаза болғандар 984 мың 20 адаммен Америка Құрама Штаттарында тіркелді. 

Одан кейін реті бойынша 652 мың 207 адаммен Бразилия, 515 мың 133 адаммен Үндістан, 356 мың 281 адаммен Ресей, 319 мың 859 адаммен Мексика, 211 мың 108 адаммен Перу,162 мың 8 адаммен Ұлыбритания,155 мың адаммен Италия,150 мың 172 адаммен Индонезия, 139 мың 275 адаммен Франция, 137 мың 948 адаммен Иран орын алды. 

Вирус салдарынан көз жұмған адам саны  дүниежүзі бойынша 6 миллион 20 мың 582-ге жетті.

Дүниежүзі бойынша ауру жұқтырғандар саны – 446 миллион 721 мың 728. Жазылып шыққандар саны–379 миллион 869 мың 871.

 

 



Ұқсас жаңалықтар