Екі украин футболшы қаза тапты

Футбол қауымдастығы украиналық футболшылардың отбасыларына, достарына және жанкүйерлеріне көңіл айтты.

1788393
Екі украин футболшы қаза тапты

Халықаралық кәсіпқой футболшылар қауымдастығы (FIFPro) украиналық футболшылар Виталий Сапило мен Дмитрий Мартыненконың Ресейдің шабуылынан қайтыс болғанын хабарлады.

Ұйымның Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасалған мәлімдемеде Львовтың Карпаты қаласының жастар құрамасында өнер көрсеткен 21 жастағы Сапило мен Гостомель клубының ойыншысы 25 жастағы Мартыненконың соғыс кезінде қаза тапқаны айтылды.

Футбол қауымдастығы украиналық футболшылардың отбасыларына, достарына және жанкүйерлеріне көңіл айтты.

Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мартыненко ресейлік күштердің пәтерге жасалған бомбалы шабуылы кезінде қаза тауып, отан қорғау жасақтарына қосылған Сапило да Киев түбіндегі қақтығыста қаза тапқан.



Ұқсас жаңалықтар