Блинкен Ресейді айыптады

Энтони Блинкен Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары кеңесінен шығарылуы керектігін айтты.

1788094
Блинкен Ресейді айыптады

Америка Құрама Штаттары Бас хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары кеңесінен шығарылуы керектігін айтты. 

БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 49-шы сессиясына қатысқан Блинкен баяндамасында Ресейді айыптады. Блинкен Ресейдің құқықсыз түрде Украинаға шабуыл жасап, халықаралық құқықты бұзғанын, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты принциптерін аяқасты еткенін білдірді. 

Орыс шабуылдарының мектептерді, ауруханаларды, ғимараттарды нысанаға алғанын түсіндірген Блинкен "Украина көлемінде миллиондаған адамның ауыз суын, тоңып өлуі үшін газ және электрмен қамтамасыз еткен инфрақұрылымдарды күйретуде. Автобустарды, автокөліктерді және жедел жәрдем көліктерді бомбалады. Ресей бұны Украина көлемінде әр күні жасауда" деп көрсетті. 

Энтони Блинкен шабуылдарда көп адамның қаза болғанын, жүздеген адамның жарақат алғанын және жарты миллионнан астам адамның елден кетуге мәжбүр болғанын еске салды. 

 



Ұқсас жаңалықтар