АҚШ Ресейге әуе кеңістігін жапты

АҚШ президенті Джо Байден әуе кеңестігін барлық Ресей ұшақтарына жапқандарын хабарлады.

1788164
АҚШ  Ресейге әуе кеңістігін жапты

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғастырған шабуылы салдарынан мемлекеттің әуе кеңестігін барлық Ресей ұшақтарына жапқандарын хабарлады. 

Президент Джо Байден АҚШ Конгресінде баяндама жасады. 

Ресей-Украина соғысына тоқталған Байден "Ресей президент Владимир Путин қауіп төндіру жолында ілгерілей алатынын ойлап, еркін әлемнің қамалын бұзуға тырысты. Өкінішке орай қатты қателесті. Украинаны жаулап алатынын және әлемнің оған бас иетінін ойлады. Бірақ үш ұйықтаса түсіне кірмейтін шындыққа тап болды. Украина халқының тосқауылына ұшырады" деді. 

Байден "Жасалған санкциялар алдында орыс рублесі осы таңға дейін 30 пайыз, Ресей биржасы 40 пайыз құнын жоғалтты" деп көрсетті. 

"Орыс экономикасы әлсіреді және бұның қылмыскері Путин" деген Джо Байден "Бүгін түнде Америка әуе кеңестігі барлық Ресей ұшақтарына жабылады. Осылайша еуропалық ортақтарымызға қатысамыз" деген сөздер қолданды. 

Джо Байден "Путин дипломатиялық талпыныстарды қабылдамады. Батыс және НАТО-ның жауап бермейтінін және бізді бөлетінін ойлады. Патин қателісті. Біз дайын едік" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар