АҚШ азаматтарына "Ресейден шығыңдар" деді

Мәдімдемеде "Ресейден тезірек шығу жолдарын қарастыруы керек" деп айтылды.

1786677
АҚШ азаматтарына "Ресейден шығыңдар" деді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) көптеген әуе компанияларының Ресейге рейстерін тоқтатқанын және көптеген елдің әуе кеңістігін ресейлік әуе компаниялары үшін жауып тастағанын білдіріп, осы елдегі азаматтарын «елден дереу кетуге» шақырды.

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің жазбаша мәлімдемесінде "Көптеген әуе компаниялары Ресейге рейстерін тоқтатып жатыр, ал көптеген елдер ресейлік әуе компаниялары үшін әуе кеңістігін жауып жатыр. АҚШ азаматтары әлі де белсенді коммерциялық саяхат мүмкіндіктерін пайдаланып, Ресейден тезірек шығу жолдарын қарастыруы керек" деп айтылды.

Мәлімдемеде АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге сапарға шығу ескертуін «4-деңгей: Саяхаттамаңыз» депген деңгейге көтергені еске салынды.



Ұқсас жаңалықтар