Ресей Украинада операция бастады

Путин Украинаның шығысындағы Донбассқа арнайы әскери операция бастағанын хабарлады.

1784207
Ресей Украинада операция бастады

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донбассқа арнайы әскери операция бастағанын хабарлады. 

Ресей президенті Владимир Путин таңғы уақыттарда теледидар каналында халыққа үн қатты. Украинаның шығысындағы жікшіл ауыз жүзіндегі әкімшіліктердің Ресейден әскери көмек сұрағандарын еске салған Путин "Осы көмек талапатрына орай арнайы бір әскери операция ұйымдастыруға шешім жасадым. Операцияның мақсаты 8 жылдан бері Киев режимі тарапынан зардап шеккен, қырғынға тап болған адамдарды құтқару. Ресей Федеарция азаматтарын қамтыған барлық халыққа қарсы қанды қырғын жасалды. Қылмыстыларды жазалаймыз. Украинаны жаман пиғылды күштерден құтқару үшін атсалысамыз" деп көрсетті.

Украина территориясын жаулау жоспарының болмағанын түсіндірген Путин ешкімді қинамайтындарын білдірді. 

Енді бір жағынан Ресей Украина және Беларусь шекарасында әуе кеңістігінің азаматтық рейстерге жабылғанын хабарлады. 

Ресей Теңіз және теңіз істері жөніндегі федералдық агенттігі де Ресей Қорғаныс министрлігінің ескертуімен Азов теңізінде кеме тасымалдаудың тоқтатылғанын білдірді. 

Украинадан жасалған мәлімдемеде қауіп салдарынан Киев уақыты бойынша сағат 02.45-те азаматтық рейстердің тоқтатылғаны баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар