"Жалғыз мақсат - Украинада бейбітшілік"

Зеленский халыққа үн қатты.

1782677
"Жалғыз мақсат - Украинада бейбітшілік"

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу әкімшілігінің ауыз жүзіндегі жікшілдерді тану шешіміне байланысты «Қабылданған шешімге байланысты нәтижелердің барлық жауапкершілігі – Ресейде» деді.

Владимир Зеленский халыққа үн қатты.  Ол Ресейдің соңғы әрекетінің Украинаның егемендігі мен территория тұтастығын бұзу екенін атап көрсетті. «Жауапкершіліктің барлығы – Ресейде» деді ол.

Ол жікшілдерді бір жақты түрде танудың Минск келісімдерінен шығу және Нормандия форматында қабылданған шешімдерді елемеу деген мағынаға келетінін айтты. Қабылданған шешімдер арқылы Ресейдің Донбасста 2014 жылдан бері тұрған әскери күшін заңды қылуға тырысқанын айтқан Зеленский Нормандия төрттігі саммиті үшін төтенше шақыру тастады.

Украина лидері серіктерінен нақты және ықпалды қадам күтетінін білдірді.

Ешкімге қарыздар емес екендерін айтқан Владимир Зеленский «Ешкімге ештеңе бермейміз. Себебі 2014 ақпан емес, 2022 ақпандамыз. Басқа бір ел, басқа бір армия.  Жалғыз мақсат – Украинада бейбітшілік» деді.



Ұқсас жаңалықтар