Талибан уақытша үкіметі 4350 мүшесін міндеттен босатты

Талибан мүшелерінің соңғы санының қанша екені белгісіз.

1782882
Талибан уақытша үкіметі 4350 мүшесін міндеттен босатты

Ауғанстанда Талибан уақытша үкіметі 4350 мүшесін міндеттен босатты.

Талибан уақытша үкіметінің Қорғаныс министрлігі Шепті тазалау комитетінің төрағасы Лүтфуллах Хакими баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол Талибан атын және өкілеттіктерін нашар қолданған мүшелердің міндеттен босатылғанын білдірді.

Соңғы бес айда 4350 Талибан мүшесі қызметтен кетті.  Хакими олардың 135-інің заңды кәмелет жасына келмеген балалар екенін айтты.

«Осылайша Талибан шебін жаман адамдардан тазаладық» деді ол.

Міндеттен босатылған Талибан мүшелерінің арасында ДАИШ террорлық ұйыммен байланысы бар адамдар бар екенін тілге тиек еткен Хакими бұлардың сотқа жіберілгенін атап көрсетті.

Талибан мүшелерінің соңғы санының қанша екені белгісіз.

Талибан уақытша үкіметі сонымен бірге жаңа армия құру жұмыстарын жалғастырып отыр.  Қорғаныс министрлігі 10 желтоқсан күні армия құру жұмыстарының басталғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар