Украина халқы өзін қорғау әдістерін үйренуде

Украина астанасы Киевте бұрынғы әскерлер мен еріктілер бейбіт халыққа соғысқа қарсы негіздік әскери білім беруді жалғастыруда.

1781756
Украина халқы өзін қорғау әдістерін үйренуде

Украина-Ресей дағдарысы жалғасып жатқанда Украина астанасы Киевте бұрынғы әскерлер мен еріктілер бейбіт халыққа соғысқа қарсы негіздік әскери білім беруді жалғастыруда.

Долобецкий аралында Оң сектор партиясының бастамасымен жаттығу өткізілді.

Негіздік білім беруге әйелдер мен түрлі жастардағы украиналықтар қатысты. 

4-ке бөлінген топтарға бір соғыс болған жағдайда "жедел құтқару", "қару қолдану", "карта қолдану, " жарылғыш материалдар жайлы негіздік мәліметтер" үйретілді.

Киевтегі Оң сектор партиясының жетекшісі Юрий Гуренко іс-шараны екінші мәрте ұйымдастырғандарын айтты.

Ресейдің құқай көрсетуінен адамдардың қорыққанын айтқан Юрий Гуренко:

"Бүгін осы жерде болашақта өмірлерін құтқаратын әдістер үйренуде. Осы білім беру арқылы халық арасындағы үрейді азайтуға талпынудамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар