АҚШ-тан "Ресейде террор шабуылы" ескертуі

АҚШ өз азаматтарына Ресейде террор шабуылы болуы мүмкін екені туралы ескерту жасады.

1782139
АҚШ-тан "Ресейде террор шабуылы" ескертуі

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі жазбаша мәлімдемесінде Ресейдегі азаматтарына бас қала Мәскеу және Санкт-Петербургте қоғамдық орындардан аулақ жүруге кеңес берді.

Мәлімдемеде «Бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда сауда орталықтары, теміржол, метро станциялары, Мәскеу мен Санкт-Петербургке қоса ірі қалалар және Ресейдің Украинамен шекарасындағы шиеленіс күшейген аймақтарда қоғамдық орындарға шабуыл жасау қаупі бар» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ АҚШ азаматтарына жеке қауіпсіздік жоспарларын қайта қарауға кеңес берілді және олардың АҚШ үкіметінің көмегіне қарамастан эвакуациялау жоспарлары болуы керектігіне назар аударылды.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ лауазымдыларына бағытталған жазбаша мәлімдемесінде «Сіз бұл ақпаратты ресейлік әріптестеріңізге ортақ арналар арқылы жеткіздіңіз бе? Егер жеткізбеген болсаңыз, мұның бәрін қалай түсінуге болады?» деді.



Ұқсас жаңалықтар