АҚШ Путиннің Украинаға шабуылға бұйрық бергенін алға тартты

АҚШ барлауы тақырыппен байланысты БАҚ-қа ақпарат таратты.

1781910
АҚШ Путиннің Украинаға шабуылға бұйрық бергенін алға тартты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) барлауының Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей армиясы қолбасшыларына Украинаға шабуыл жасауды бұйырғаны туралы ақпарат бар екені айтылады.

Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс күшейгенде АҚШ барлауы БАҚ-қа қызық бір ақпарат берді.

«Вашингтон пост» газеті мен CNN телеарнасының АҚШ-тық лауазымдыларға сілтеген хабарында АҚШ барлауының қолында Путиннің Украинаға шабуыл жасауға армия қолбасшыларына бұйрық бергені туралы ақпарат бар екені алға тартылды.

Хабарда бұл ақпараттың өткен апта Вашингтонға жеткені және президент Джо Байден мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің осыған қарап Путиннің Украинаға басып кіруге шешім қабылдағаны туралы мәлімдеме жасағаны айтылған.

Бұл ақпараттың Ресей тарапынан толығымен жаңылыстыру мақсатты таратқан болуы мүмкін екені де талқыланады.

Байден жұма күні мәлімдеме жасап, Владимир Путиннің Украинаға басып кіруге шешім қабылдағанын және Ресей армиясының Киевке басып кіруі мүмкін екеніне сенімді екенін айтқан болатын.

Блинкен болса жексенбі күні CNN телеарнасында Ресейдің аймақтағы әрекеттерін «нағыз бір оккупация процесінің бастауы» деп пайымдаған болатын.

Ақ Үй әкімшілігі президент Джо Байденнің Мәскеудің Украинаға басып кіру әрекеті болмаған жағдайда Ресей президенті Путинмен кездесуге келіскенін жариялады.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге әрқашан дайын екендіктерін, дегенмен Ресей басып кіруге әрекет жасаған жағдайда болса ауыр санкциялар жасалатынын атап айтты.

Псаки сондай-ақ Мәскеудің әлі де жан-жақты шабуылға дайындықтарын жалғастырғанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар