Донбастағы халық Ресейге көшіріледі

Донбастағы Донецк пен Лугансктегі ауыз жүзіндегі әкімшіліктердің өкілдері Украинаның аймаққа шабуылға дайындалғанын алға тартты.

1781261
Донбастағы халық Ресейге көшіріледі

Украинаның шығысындағы Ресейді қолдаушы бөлшектеуші топтардың бақылауындағы ауыз жүзіндегі әкімшіліктер аймақтағы бейбіт халықтың Ресейге жолданатынын жариялады.

Донбастағы Донецк пен Лугансктегі ауыз жүзіндегі әкімшіліктердің өкілдері Украинаның аймаққа шабуылға дайындалғанын алға тартты.

Аймақта дағдарыстың ушығуына орай бейбіт халықтың Ресейдің Ростов қаласына эвакуация жасалуына шешім қабылдағандарын білдірген лауазымдылар "қолына қару алатын" ер адамдардың аймақта қалуларын талап етті. 

Украинаның шығысында 2014 жылы Киев әкімшілігіне қарамай Ресейді қолдаушы бөлшектеушілер Донецк Халық Республикасы және Луганск Халық Республикасы атында екі бөлек ауыз жүзінде әкімшілік құрған болатын.



Ұқсас жаңалықтар