Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Мәлімдемеге қарағанда орыс армиясының кейбір танктері мен әскерлері тұрақты базаларына оралды.

1780975
Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

РФ Қорғаныс министрлігі Украина шекарасы маңында жаттығуларын аяқтаған кейбір танктер мен әскерлердің тұрақты базаларына оралғанын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Батыс әскери округінің кейбір танкілер мен бөлімдерінің жаттығуларын аяқтағаннан соң Нижний Новгородтағы тұрақты базаларына оралғаны білдірілді.

Ресей әскери-теңіз күштері жасаған тағы мәлімдемеде заңсыз аннексияланған Қырымдағы әскери әрекеттер туралы хабарлама жасалды.

Хабарламада «Жаттығу барысында Қырымдағы 10 дана Су-24 әскери ұшағы Ресейдің басқа аймақтарындағы базаларға орналастырылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар