Гватемалада 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 3-ке жетті.

1780882
Гватемалада 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Гватемаланың Эскуинтла аймағында 16 ақпан күні болған 6,2 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 3-ке жетті.

Ұлттық Апат салдарын азайту координация орталығынан жасаған мәлімдемеде жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 89 мың 785-ке көтеріліп, топтардың іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жер сілкінісі салдарынан әзірге 3 адам қаза тауып, жарақат алған 61 адамның емдері жалғасуда.

Ұлттық сейсмология институты 83 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің эпицентрінің Эскуинтла аймағындағы Нуэва Консепсион қаласының 33 шақырым оңтүстік батыс екені білдірген болатын.

Жер сілкінісін Гватемаланың 22 аймағы мен Мексиканың оңтүстігіндегі аймақтар да сезінді.



Ұқсас жаңалықтар