Украинада мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясы күшіне енді

Украина президенті Владимир Зеленский Мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясын бекітті.

1780127
Украинада мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясы күшіне енді

Украина президенті Владимир Зеленский Мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясын бекітті.

Украина президенттігінің мәлімдемесіне қарағанда 30 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік және Қорғаныс кеңесінің Мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясына қатысты қабылдаған шешімді Зеленский күшіне енгізді.

Стратегияда ішкі және сыртқы қауіп-қатерге қарсы мемлекеттің дер кезінде араласуы мақсат етілген, Еуроодақ пен НАТО стандарттарын назарға ала отырып, мемлекеттік қауіпсіздік салаларындағы дамуды нысанаға алғаны білдірілді.

Ресейдің Украинаға қарсы гибридтік соғысты саяси, экономикалық және кибер салаларда жалғастырғаны атап көрсетілген стратегия мәтінінде Донбасста ресейшіл жікшілдердің бақылауындағы аймақтар мен заңсыз аннексияланған Қырымда адам құқықтарының бұзылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар