"Путин шабуыл үшін әлі шешім берген жоқ"

Пентагон осылай деп ойлайды.

1778805
"Путин шабуыл үшін әлі шешім берген жоқ"

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби Ресейдің Украина шекарасында әскер жинағанын, бірақ Ресей президенті Путиннің оккупация үшін нақты шешімін бергеніне сенбейтіндерін айтты.

Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби күнделікті баспасөз брифингінде Ресейдің соңғы 24 сағатта Украина шекарасына жақын аймақтар мен Беларусьтегі әскери күшін арттырғанын айтты.

Оңтүстікте де кейбір қозғалыстардың байқалғанын тілге тиек еткен Кирби Ресейдің Қаратеңіздегі флотында да жаттығулар жүргізілгенін еске салды. Кирби орыс армиясының соғысқа дайындығын арттырғанын білдірді.

Ол әлі де дипломатия үшін уақыт бар екенін айтты, бір сұраққа байланысты «Оккупация үшін шешім берілді деп ойламаймыз» деді.

Бірақ баспасөз хатшысы шабуылдың ешбір ескертусіз әр сәт басталуы мүмкін екенін де тілге тиек етті.

«Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанды естідіңіздер,  өткен апта олимпиада аяқталмастан шабуыл басталуы мүмкін екенін ашып айтты. Тіпті осы апта да болуы мүмкін. Біз қолымыздағы мәліметтерімізді одақтастарымызбен бөлісіп отырмыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар