Иран Парсы шығанағында 2 қайықты кепілдікке алды

Иран төңкеріс сарбаздары армиясы заңсыз жанармай тасымалдаған 2 қайықты кепілдікке алды.

1777975
Иран Парсы шығанағында 2 қайықты кепілдікке алды

Иран Төңкеріс сарбаздары армиясының Парсы шығанағында 15 мың литр заңсыз жанармай тасымалдады деген сылтаумен екі қайықты кепілдікке алғаны білдірілді.

Иран мемлекеттік телеарнасына мәлімдеме жасаған Хүрмүзган уәлаяты сот төрешісі Муктеба Кахрамани Парсы шығанағы су адынында заңсыз жанармай тасымалдағаны анықталған екі қайықтың Төңкеріс сарбаздары армиясы әскери-теңіз күштері тарапынан кепілдікке алынғанын жариялады.

Кахрамани «Контрабандашылар бұл жанармайды Парсы шығанағындағы елдерге тасымалдауға тырысты, бірақ барлау ұйымы бақылауы нәтижесінде және теңіз-жаяу әскерлерінің операциясының арқасында заңсыз жанармай саудасы жасағаны анықталған қайықтар тәркіленді» деді.



Ұқсас жаңалықтар