Германия президенті-Штайнмайер

Франк-Вальтер Штайнмайер алғашқы турда 1425 дауыстың 1045-ін алып, қайтадан президент болып сайланды.

1777810
Германия президенті-Штайнмайер

Германияда 17-ші кезекті президенттік сайлауда Франк-Вальтер Штайнмайер қайтадан сайланды.

Президент сайлау үшін Федерациялық Мәжілістің (Бундестаг) 736 депутатымен бірге уәлаяттар белгілеген ұқсас сандағы делегациядан құралған Федерациялық Кеңес Федерациялық Мәжіліс ғимаратының іргесіндегі Пол-Лоб ғимаратында бас қосты. 

Федерациялық Мәжілістің төрағасы Баербель Бастың басшылығында өткен сайлауда Франк Вальтер Штайнмайер алғашқы турда 1425 дауыстың 1045-ін алып, қайтадан президент болып сайланды.

1437 делегат қатысқан және 12 дауыс күшін жойған сайлауда Ислам мен көшпенділерге қарсы AfD кандидаты Макс Отте 140, Герхард Траберт 96 және «Еркін сайлаушылар» үміткері Стефани Гебауэр 58 дауыс алды. 86 дауыс қалыс қалды.

Бұрынғы премьер-министрі Ангела Меркель, BioNTech құрушыларынан Доктор Өзлем Турежи, Германия құрамасының жаттықтырушысы Ханси Флик қатарлы көптеген танымал кісілер де дауыс берді.

 



Ұқсас жаңалықтар