Ашрави Түркия-Палестина қарым-қатынастарын бағалады

Ашрави: «Түркия-Палестина қарым-қатынастары екі ел үшін де маңызды».

1776918
Ашрави Түркия-Палестина қарым-қатынастарын бағалады

Палестина Азаттық ұйымының бұрынғы атқару комитетінің мүшесі Ханан Ашрави Түркия-Палестина қарым-қатынастарының екі ел үшін де маңызды екенін айтты.

Әлі күнге дейін Палестина Жаһандық келіссөздері және демократиялық бастамасы «MIFTAH» Атқару кеңесі төрағасы қызметін атқаратын Ашрави Түркияның Палестина алдындағы Бас консулы Елші Ахмет Рыза Демирер және Иерусалим Бас консулдығының орынбасары Семра Демирерді қабылдады.

MIFTAH-тың ресми әлеуметтік желідегі аккаунтында жасалған мәлімдемеге қарағанда Елші Ахмет Рыза Демирер Ашравиді Стамбулда өтетін «8-ші Бітімгерлік конференциясына» шақырды.

Тараптар Иерусалимнен бастап Израильдің заң бұзушылықтары, қасиетті қаланың тарихи-демографиялық құрылымын өзгерту әрекетін талқылады.

Ашрави болса әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемесінде «Түркия-Палестина қарым-қатынастары екі ел үшін де маңызды» деді.

Палестинаның алдынғы қатарлы тұлғаларының бірі Ханан Ашрави 2020 жылдың 10 желтоқсан күні Палестина Азаттық ұйымының Атқарушы кеңесінің шешім қабылдау процестерінде жеткіліксіз екенін және реформалау қажеттігін атап, Кеңестен отставкаға кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар