АҚШ Иран жайлы Израильге кепілдік берді

Джейк Салливан Вашингтонға сапарлай барған израильдік әріптесі Эйял Хулатамен кездесуінде Иран тақырыбында Израильге кепілдік бергендерін білдірді.

1776757
АҚШ Иран жайлы Израильге кепілдік берді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Вашингтонға сапарлай барған израильдік әріптесі Эйял Хулатамен кездесуінде Иран тақырыбында Израильге кепілдік бергендерін білдірді.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Джейк Салливан мен Эйял Хулатаның Ақ Үйде бас қосып, екі жақтылы және аймақтық мәселелерді қолға алғаны хабарланды.

Иран және оның "аймақтық қауіптері" мен Орташығысқа қатысты қауіпсіздік тақырыптарын талқылаған Салливан мен Хулата Тегеран әкімшілігімен жалғасқан атомдық келіссөздерге де тоқталды.

Джейк Салливан әріптесіне АҚШ президенті Джо Байденнің Израильдің қауіпсіздігіне деген мызғымас тәуелділігін және Иранның атомдық қаруға әсте ие бола алмайтыны жөніндегі кепілдігін жеткізді.

Джейк Салливан мен Эйял Хулата Украинадағы дағдарысы жайлы да көзқарас алмастырды.



Ұқсас жаңалықтар