Ханзада Чарльз екінші рет ковид-19 жұқтырды

Ханзада Чарльздың кеңсесі Уэльс ханзадасының өзін оқшаулағанын мәлімдеді.

1776664
Ханзада Чарльз екінші рет ковид-19 жұқтырды

Ұлыбританияның тақ мұрагері ханзада Чарльздың (73 жаста) коронавирустың жаңа түрін (ковид-19) жұқтырғаны білдірілді.

Ханзада Чарльздың кеңсесі бүгін (10.02.2022) азанда ковид-19 сынамасы оң болып шыққан Уэльс ханзадасының өзін оқшаулағанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Чарльздың Винчестерге ресми сапары мен іс-шараларға қатыса алмайтынына қатты өкінгені және кейінге қалдырған сапарын мүмкіндігінше тезірек қайта жоспарлануға тырысатыны атап көрсетілді.

Ұлыбритания мұрагері ханзада 2020 жылы наурыз айында ковид-19 жұқтырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар