Швеция коронавирусқа байланысты барлық шектемені алып тастады

Тест те жасалмайтын болды.

1775955
Швеция коронавирусқа байланысты барлық шектемені алып тастады

Швецияда коронавирусқа бағытталған барлық шектеулер доғарылды. Ковид-19 тесті де жасалмайды.

Швеция Халық денсаулығы агенттігінің басшысы Карин Тегмарк Висел бүгіннен бастап коронавирусқа байланысты шектеулердің тоқтатылғанын білдірді. Ковид үшін жүргізілетін сынамалардың жасалмайтынын айтты. «Ковид-19 тестінің аптасына мемлекетке түсіретін ауырлығы 55 миллион доллар. Айына бұл 220 миллион доллар. Сондықтан тест жасалмайды» деді ол.

Бүгіннен бастап тек медицина қызметкерлері ғана тегін тест жасата алады. Шетелге шығатын азаматтардың тестінің құнын мемлекет төлемейтін болады.

Швеция айырықша Еуропалық Одақ елдерінен елдеріне кіретін азаматтардан талап етілетін саяхат картасы,  вакцина анықтамасы немесе тест секілді шаралардың барлығын алып тастады.



Ұқсас жаңалықтар