Умраға баратындарға жаңа шарт
Сауд Арабиясы умраға келушілердің үшін eлге кіру процедураларының жаңартылғанын хабарлады.
Сауд Арабиясы умраға келушілердің денсаулығын қорғау үшін eлге кіру процедураларының жаңартылғанын хабарлады.
Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігінен осы тақырыпта жазбаша мәлімдеме жасалды.
Мәлімдемеге қарағанда, елге умра мақсатымен немесе туристік мақсатта келгендерден иммундық жағдайына қарамастан соңғы 48 сағат ішінде берілген теріс ПТР анықтамасы немесе антидене сынамасы анықтамасы талап етіледі.
Жоғарыда аталған талаптар 2022 жылдың 9 ақпанынан бастап жүргізіле бастайды.
Сауд Арабиясы 2021 жылдың 10 қазанынан бастап жаңа түрдегі коронавирусқа қарсы (Ковид-19) вакцинаның 2 дозасын қабылдаған азаматтарға умра мен ғибадат жасауға рұқсат етілетінін хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.